457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маттео Арнальди «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалынан не себепті бас тартқанын түсіндірді

Теннисшінің сөзінше, матч қарсаңында тамақтан уланып, өзін күні бойы жайсыз сезінген.

Италиялық теннисші Маттео Арнальди Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалынан не себепті бас тартқанын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz

Теннисшінің сөзінше, матч қарсаңында тамақтан уланып, өзін күні бойы жайсыз сезінген.

«Кеше өзімді жақсы сезініп жүрдім. Жаттығуға барып, барлық қажетті жұмыстарды орындадым. Кейін кешкі ас іштім. Содан соң асқазаным мазалай бастады. Басында жай ғана ас дұрыс қорытылмай жатқан шығар деп ойладым. Түнгі сағат бірде оянып кеттім, жүрегім айнып, жағдайым нашарлады», - деді Арнальди.

Оның айтуынша, таңертең денсаулығы одан әрі нашарлаған.

«Дәрігерді қонақүйдегі бөлмеме шақырттым, ол маған дәрі берді. Бірақ күні бойы ештеңе жей алмадым. Бірдеңе ішіп-жесем болды, қайтадан жуынатын бөлмеге жүгіруге мәжбүр болдым», - деп түсіндірді спортшы.

Арнальди соңына дейін ойнауға тырысқанын, алайда денсаулығы мүмкіндік бермегенін айтты.

«Кортқа шыға аламын ба деп барынша күттім. Бірақ орнымнан тұрған сайын басым айналып, өзімді нашар сезіндім. Тамақ ішсем, жағдайым одан әрі қиындайтынына сенімді болдым. Сондықтан жарыстан бас тарту – мен үшін ең дұрыс шешім болды», - деді ол.

25 жастағы Маттео Арнальди әлемдік рейтингте 104-орында тұр. Ол алғаш рет «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Жартылай финалда Арнальди отандасы Флавио Коболлимен кездесуі тиіс еді. Алайда матч басталғанға дейін жарыстан шығып қалды.

Енді финалда Коболли әлемнің үшінші ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен чемпиондық атақ үшін таласады.

Фото: Getty Images