Майамидегі Masters турнирінің ширек финалындағы барлық жұп белгілі болды
АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан ATP Masters санатындағы хард жабындысындағы турнирде жекелей сындағы ширек финалға шыққан барлық теннисшілер анықталды.
Турнирдің осы кезеңінде чемпиондыққа таласты Италия өкілі Янник Синнер, Германия теннисшісі Александр Зверев, аргентиналық Франсиско Серундоло, америкалық Фрэнсис Тиафо, чехиялық Иржи Легечка, америкалық Томми Пол, франциялық Артюр Фис және испаниялық іріктеу кезеңінен шыққан Мартин Ландалус-Лакамбра жалғастырады.
Ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы Янник Синнерге АҚШ өкілі Фрэнсис Тиафо қарсылас атанады.
Майами Masters турнирінің ширек финалындағы жұптар:
Мартин Ландалус-Лакамбра (Испания, Q) – Иржи Легечка (Чехия, 21)
Томми Пол (АҚШ, 22) – Артюр Фис (Франция, 28)
Франсиско Серундоло (Аргентина, 18) – Александр Зверев (Германия, 3)
Фрэнсис Тиафо (АҚШ, 19) – Янник Синнер (Италия, 2).
Фото: © Matthew Stockman / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
Ең көп оқылған