457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Майами мастерс: Шевченко үшінші айналымда жарысты аяқтады

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Майамиде өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Үшінші кезеңде қазақстандық теннисші әлемнің 34-ракеткасы, франциялық Уго Умберге қарсы ойнады. Алғашқы сетте қарсыласы 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші партияда Шевченко 3:1 есебімен алға шыққанымен, бұл артықшылықты сақтап қала алмады. Нәтижесінде сет тай-брейкке ұласып, онда Умбер 7:2 есебімен жеңіске жетті — 7:6.

Айта кетейік, Шевченко турнирді төртінші айналымға жете алмағанымен, Майамиде жақсы нәтиже көрсетті. Ол бұған дейін әлемнің 9-ракеткасы Бен Шелтонды жеңіп, мансабында алғаш рет осы турнирдің үшінші айналымына шыққан еді.

Қазіргі таңда Александр Шевченко ATP Live рейтингінде 74-орында тұр.

 

 

 

Фото: AFP