Лучано Дардери ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
Италиялық теннисші Лучано Дардери 2026 жылғы 17-25 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды malimsports.kz.
ҚР теннис федерациясының мәліметінше, 24 жастағы Италия өкілі ATP турында қарқынды дамып келе жатқан теннисшілердің бірі саналады. Осы маусымда Дардери әлемдік рейтингте өзінің мансабындағы ең жоғары көрсеткішке – 16-орынға көтерілді. Оның еншісінде жекелей сында жеңіп алған ATP санатындағы бес титул бар. Барлық жеңіс ATP 250 турнирлерінде тіркелген.
ATP 250 Almaty Open турнирі дәстүрлі түрде мықты теннисшілердің басын қосып, Қазақстан ғана емес, өзге елдердің де жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырады. Турнир ATP-тің ресми күнтізбесіне енген және күз мезгіліндегі басты спорттық оқиғалардың бірі саналады.
Билеттерді Ticketon.kz және Afisha.yandex.kz платформаларынан сатып алуға болады. Турнирге кіру билеттерінің бағасы 3 500 теңгеден басталады.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған