Мәзір
Теннис

Кирилл Герасименко Оманда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Сабина Асқарқызы 60 қаралым
Кирилл Герасименко Оманда өтетін халықаралық турнирге қатысады

19-24 қаңтар күндері Оманда үстел теннисінен WTT Contender Muscat турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған жарыста Қазақстан атынан Кирилл Герасименко, Ескендір Харки және Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді.

Турнирге әлемнің жетекші спортшылары жиналады. Олардың қатарында Қытайдың екінші ракеткасы Лин Шидун, әлемнің үздік ондығына кіретін Лян Цзинкунь, сондай-ақ Бенедикт Дуда (Германия), Дарко Йоргич (Словения), Патрик Франциска (Германия) және өзге де рейтингтегі жоғары ойыншылар бар.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар