Кирилл Герасименко мен Ескендір Харки WTT Feeder турнирінің күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық үстел теннисшілер Кирилл Герасименко мен Ескендір Харки Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы жұптық сында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.
Жарыс барысында қазақстандық жұп Франция өкілдері Эстебан Дорр мен Флориан Буррассонды 3:2, Өзбекстан спортшылары Шохрух Искандаров пен Кутбидилло Тешабоевты 3:0, сондай-ақ Ресей құрамасының өкілдері Денис Ивонин мен Никита Артёменконы 3:1 есебімен жеңді.
Ал финалда Кирилл Герасименко мен Ескендір Харки Ресейдің Максим Гребнев пен Лев Кацман жұбына 0:3 есебімен жол беріп, турнирдің күміс жүлдесін еншіледі.
Осылайша қазақстандық үстел теннисшілер халықаралық додада тағы бір жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел қоржынына күміс медаль салды.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған