Әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарас 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионаты финалында 38 жастағы Новак Джоковичтен басым түсті.
Финалға дейінгі жеке кездесулерде есеп Джоковичтің пайдасына 5:4 болған.
Матчтың алғашқы сетінде көпшілікті таңғалдырған серб теннисшісі сенімді ойнап, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Екінші партияда Карлос Алькарас ойын қарқынын арттырып, дәл сондай есеппен (6:2) жеңіп, таразы басын теңестірді.
Үшінші сетте испандық теннисші басымдықты өз қолына алып, 6:3 есебімен алға шықты. Бұл кезеңде 38 жастағы Джокович 22 жастағы қарсыласының жылдам әрі қуатты соққыларына ілесе алмай қалды.
Төртінші партияда екі теннисші де өз геймдерін сенімді ұтып отырды. Алайда 6:5 кезінде Джокович қателікке жол беріп, Алькарес брейк жасап кетті (7:5).
Осылайша Карлос Алькарас 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатының чемпионы атанды.
Фото Reuters