Карлос Алькарас Цинциннатидегі «Мастерс» турниріне қатыспайды
Әлемнің екінші ракеткасы, испаниялық теннисші Карлос Алькарас жарақатына байланысты АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін ATP Masters турнирінен бас тартты. Бұл туралы жарыстың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
23 жастағы спортшы сәуір айында алған оң жақ білегінің жарақатынан әлі толық айықпаған.
Алькарас соңғы рет 15 сәуірде Барселонада өткен ATP 500 санатындағы турнирде кортқа шыққан болатын. Ол жарыстың екінші кезеңіне дейін жеткенімен, жарақатына байланысты турнирді жалғастыра алмады. Содан бері ол бірнеше «Мастерс» турнирін, сондай-ақ «Ролан Гаррос» пен Уимблдон додаларынан тыс қалмақ.
Карлос Алькарастың еншісінде ATP турнирлеріндегі 26 чемпиондық атақ бар. Оның ішінде жеті «Үлкен дулыға» жеңісі бар: Australian Open (2026), «Ролан Гаррос» (2024, 2025), Уимблдон (2023, 2024) және US Open (2022, 2025). Сондай-ақ ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Айта кетейік, Алькарас – Цинциннатидегі «Мастерс» турнирінің қазіргі чемпионы. Биылғы жарыс 13–23 тамыз аралығында өтеді. Жүлде қоры – 9,4 миллион АҚШ доллары.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған