457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Карлос Алькарас Australian Open тарихындағы ең жас чемпион атанды

Әлемнің бірінші ракеткасы атанған Алькарас осылайша ең жас жасында карьерлік «Үлкен дулыға» иегері болды.

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас Мельбурнде өткен Australian Open турнирінің финалында сербиялық Новак Джоковичті жеңіп, мансабындағы кезекті тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлемнің бірінші ракеткасы атанған Алькарас осылайша ең жас жасында карьерлік «Үлкен дулыға» иегері болды.

Финалда 22 жастағы Алькарас Джоковичті 2:6, 6:2, 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Бұл - серб теннисшінің Australian Open финалындағы алғашқы жеңілісі. Матч барысында испаниялық спортшы сенімді ойын көрсетіп, шешуші сәттерде басымдық танытты.

Осы жеңістің арқасында Алькарас Открытая эра тарихында (1968 жылдан бері) барлық төрт «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алған алтыншы теннисші атанды. Ол бұл жетістікке 22 жасында жетіп, бұрынғы рекорд иесі Рафаэль Надальды (24 жас) басып озды.

Australian Open-дегі жеңіс Алькарас үшін мансабындағы жетінші «Үлкен дулыға» трофейі әрі жалпы 25-ші титулы болды. Сонымен қатар ол 23 жасқа дейінгі кезеңде ең көп «мэйджор» жеңіп алған теннисшілер қатарында швед Бьорн Боргпен теңесті.

Новак Джокович бұл жеңілістен кейін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі трофей санын 24-ке жеткізіп, рекордты жаңарта алмады. Екі теннисші осыған дейін бір-бірін бес реттен жеңген. Айта кетейік, ресейлік теннисшілер арасында Australian Open турнирінде ең алысқа Даниил Медведев жетіп, 1/8 финалда жарыстан шықты.

Фото: Getty Images