457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Карен Хачанов Almaty Open 2026 турниріне қатысады

Хачанов бірнеше жылдан бері Алматыдағы турнирге тұрақты түрде қатысып келеді.

Әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік теннисші Карен Хачанов 2026 жылғы 17-25 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP 250 санатындағы Almaty Open турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды malimsports.kz

Хачанов бірнеше жылдан бері Алматыдағы турнирге тұрақты түрде қатысып келеді. 2024 жылы теннисші Almaty Open турнирінің чемпионы атанған болатын.

Жалпы Кареннің еншісінде ATP аясындағы жекелей сында 7, ал жұптық сында 1 чемпиондық атақ бар.

ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирі дәстүрлі түрде мықты қатысушылар құрамын жинап, Қазақстан ғана емес, өзге елдердегі теннис жанкүйерлерінің де қызығушылығын тудырады. Турнир ATP-дің ресми күнтізбесіне енген және күз мезгіліндегі басты спорттық оқиғалардың бірі саналады.

Билеттерді Ticketon.kz және Afisha.yandex.kz сайттарынан сатып алуға болады. Турнирге кіру билеттерінің бағасы 3 500 теңгеден басталады.

Фото: ҚТФ