Индиан-Уэллс турнирі: Карлос Алькарас Даниил Медведевке есе жіберді
Карлос Алькарас АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс Мастерсі турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы саналатын испаниялық теннисші ресейлік Даниил Медведевке жол берді.
Жартылай финалдық кездесуде Медведев қарсыласын 6:3, 7:6 (7:3) есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Осылайша Алькарас турнирдегі жарысын жартылай финал кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, бұл екі теннисші арасындағы тартысты текетірестердің бірі болды. Бұған дейінгі төрт кездесудің барлығында Алькарас басым түскен еді. Ал бұл жолы Медведев қарсыласын алғаш рет бес матчтан кейін жеңе алды.
Еске сала кетейік, 2023 және 2024 жылдары Индиан-Уэллс турнирінің финалында дәл осы Алькарас Медведевті жеңген болатын. Ал биыл испаниялық теннисші финалға шыға алмады.
Ал финалда Даниил Медведев әлемдік рейтингте екінші орында тұрған италиялық Янник Синнермен кездеседі. Медведевтің финалға шығуы оған ATP Tour рейтингінің үздік ондығына қайта оралуға мүмкіндік береді.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған