457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Индиан-Уэллс турнирі: Елена Рыбакина төртінші айналымға өтті

Сонымен қатар қазақстандық теннисші бір эйс жасап, екі қос қателікке жол берді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте жоғары орын алатын теннисші Елена Рыбакина Калифорния штатында өтіп жатқан беделді Indian Wells Masters турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Үшінші айналымда қазақстандық спортшы Украина өкілі, әлемдік рейтингте 28-орында тұрған Марта Костюк теннисшісін екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу барысында Рыбакина сенімді ойын көрсетіп, қарсыласының қателіктерін тиімді пайдаланды. Ол матч кезінде 7 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырып, ойын тізгінін өз қолында ұстады. Сонымен қатар қазақстандық теннисші бір эйс жасап, екі қос қателікке жол берді.

Сарапшылардың айтуынша, Елена Рыбакинаның тұрақты әрі сенімді ойыны оның турнирдегі басты фавориттердің бірі екенін көрсетіп отыр. Соңғы матчта да ол ойынның маңызды сәттерінде салқынқандылық танытып, тәжірибесінің арқасында жеңіске жетті.

Енді қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына шығу үшін әлемдік рейтингте 54-орында тұрған Ұлыбритания өкілі Sonay Kartalмен кездеседі. Бұл матч жеңімпазы жарыстың келесі кезеңіне жолдама алады.

Фото: ҚТФ