457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Индиан-Уэллс: Анна Данилина турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші, жұптық сында әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан Indian Wells Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың бесінші нөмірлі теннисшсі ретінде тіркелген Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге екінші айналымда украиналық Людмила Киченок пен америкалық Дезире Кравчик жұбымен кездесті.

Бірінші сетте қазақстандық-сербиялық жұп 6:4 есебімен басым түссе, екінші партияда 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Енді Анна Данилина мен Александра Крунич жартылай финалға шығу үшін америкалық Хейли Баптист – латвиялық Елена Остапенко немесе ресейлік Мирра Андреева – канадалық Виктория Мбоко жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик мажарстандық Фабиан Марожанмен бірге жұптық сында франциялық Садьо Думбия – Фабьен Ребул дуэтіне 2:6, 2:6 есебімен жол беріп, турнирдің екінші айналымына өте алмады.

 

 

Фото: ҰОК