457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Индиан-Уэллс: Александр Бублик үшінші айналымға шықты

Бублик пен Хидзиката 9 наурыз күні турнирдің 1/8 финалына жолдаманы сарапқа салады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 10-орында тұрған Александр Бублик АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан мастерс турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастап, әлемнің 62-ракеткасы, чехиялық Вит Копривамен кездесті.

Алғашқы сетте есеп 3:2 болған тұста Коприва брейк жасап, сол басымдығын сақтап қалды – 6:3.

Екінші партия өте тартысты өтті. Тай-брейкте Александр Бублик сәтті ойнап, сетте жеңіске жетті – 7:6 (7:3).

Шешуші үшінші сетте қазақстандық теннисші бірден басымдық алып, 4:0 есебімен алға шықты. Нәтижесінде матчты 6:2 есебімен аяқтап, камбэк жасап жеңіске жетті.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған ойында Бублик 10 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Вит Коприва 8 эйс орындап, 4 брейк-пойнттың екеуін тиімді қолданды.

Үшінші айналымда Александр Бублик әлемдік рейтингте 117-орында тұрған аустралиялық Ринки Хидзикатамен кездеседі. Ол екінші айналымда сенсация жасап, әлемнің 21-ракеткасы, италиялық Лучано Дардериді 4:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Бублик пен Хидзиката 9 наурыз күні турнирдің 1/8 финалына жолдаманы сарапқа салады.

Айта кетейік, Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жүлде қоры 9,4 миллион долларды құрайды. Жекелей сында чемпион атанған теннисші 1 151 380 доллар сыйақы алып, ATP рейтингінде 1000 ұпайға ие болады.

Өткен жылы Александр Бублик бұл турнирде алғашқы айналымнан аса алмаған еді. Биыл ол нәтижесін жақсартып, үшінші айналымға дейін жетті.

 Фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images