Мәзір
Теннис

Ига Швентек Сеулдегі турнирдің чемпионы атанды

Сабина Асқарқызы 196 қаралым
Ига Швентек Сеулдегі турнирдің чемпионы атанды

Сеулде өткен WTA 500 санатындағы турнирдің финалында польшалық Ига Швентек ресейлік Екатерина Александровадан басым түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемнің екінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің алты дүркін жеңімпазы Ига Швентек финалда 11-ракетка Екатерина Александровамен үш сетке созылған тартысты ойында жеңіске жетті:
6:1, 6:7 (3:7), 7:5.
6:1, 6:7 (3:7), 7:5.

Ойын 2 сағат 46 минутқа созылды.

Екатерина Александрова – 6 эйс, 6 қос қате, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Ига Швентек – 2 эйс, 9 қос қате, 7 брейк-пойнттың 3-ін жүзеге асырды.

Бұл жеңіс Швентекке кәсіби мансабындағы 25-інші трофейді және 2025 жылғы екінші титулды сыйлады.

 Айта кетейік, Ига Швентек қазіргі таңда әйелдер теннисіндегі ең тұрақты әрі үздік ойыншылардың бірі саналады.

ФОТО: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар