Мәзір
Теннис

Ева Корышева Гамбургтегі жасөспірімдер турнирінің финалында сынға түседі

Сабина Асқарқызы 106 қаралым
Ева Корышева Гамбургтегі жасөспірімдер турнирінің финалында сынға түседі

Германияда ITF Juniors сериясы бойынша халықаралық Hamburg J100 турнирі аяқталды. Қазақстанның жас үміті, 16 жастағы Ева Корышева беделді жарыста тамаша өнер көрсетіп, финалға дейін жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шешуші матчта Ева Корышева (342 ITF) германиялық Милена Штайнкамппен (1029 ITF) кездесті. Үш сетке созылған тартысты бәсеке 2:6, 6:3, 6:7 (4) есебімен турнир иесінің пайдасына аяқталды.
Финалда жеңіліс тапқанына қарамастан, Ева нағыз мінез көрсетті: алғашқы сетте есе жібергенімен, екінші партияда басымдық танытып, ойын тағдырын үшінші сетке дейін жеткізді. Жеңімпаз тек шешуші кезеңдегі тай-брейк ұпайларында ғана анықталды.
16 жастағы қазақстандық теннисші үшін J100 санатындағы турнирдің финалына шығу - кәсіби өсу жолындағы маңызды қадам. Бұл нәтиже оған әлемдік жасөспірімдер рейтингіндегі позициясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Гамбург корттарында Ева өзін еліміздің ең болашағынан үміт күттіретін жас спортшыларының бірі ретінде көрсете білді.

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар