Мәзір
Теннис

Еліміздің жас теннисшілері Астана турнирінде топ жарды

Сабина Асқарқызы 190 қаралым
Еліміздің жас теннисшілері Астана турнирінде топ жарды

Астана қаласында жасөспірімдер арасында ITF Juniors J300 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Ел тарихындағы ірі жарыс болып есептелетін додада қазақстандықтар Сәтима Төреген мен Альбина Кәкенова жұптық сында үздік шықты.
Қазақстандық дуэт финалда турнирдің 2-ракеткалары, чехиялықтар Тереза Херманова — Глория Левинскиді қапы қалдырды — 6:2, 6:3.

Бұл — Альбина мен Сәтиманың спорттық жолындағы елеулі табыс. Қазіргі кезде Team Kazakhstan академиясында жаттығып жүрген қыздар халықаралық жарыстарға осында дайындалады.

Бұл бізге ерекше көңіл-күй сыйлады. Біз деңгейі жоғары додада жеңіс тұғырынан көрінгіміз келді. Өз елімізде жанкүйерлердің қолдауымен осындай табысқа жеткенімізге қуаныштымыз, - деді Сәтима Төреген.

Альбина Кәкенова, әсіресе, финалда үздік өнер көрсеткендеріне бақытты екендіктерін жеткізіп, Team Kazakhstan академиясының бапкерлеріне алғысын жеткізді. 

Фото: ҚР теннис федерациясы 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар