Елена Рыбакинаның жаңартылған әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 8143 ұпай бар. Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшін 9090 ұпаймен Беларусь өкілі Арина Соболенко бастап тұр. Ал үздік үштікті Польша теннисшісі Ига Швёнтек түйіндейді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева да өз позициясын сақтап, жекелей сында 85-орында қалды.
Жұптық сында Қазақстан намысын қорғап жүрген Анна Данилина әлемдік рейтингте алтыншы орында тұр. Әйелдер арасындағы жұптық рейтингтің көшбасшысы болып Чехия теннисшісі Катерина Синякова қалып отыр.
Айта кетейік, Рыбакина соңғы маусымдарда әлемдік рейтингтің жоғарғы сатысында тұрақты түрде орын алып келеді және Қазақстанның теннистегі басты үміттерінің бірі саналады.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған