457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакинаның жаңа маусымдағы алғашқы турнирі белгілі болды

4-11 қаңтар күндері Аустралияда әйелдер арасында теннистен Брисбен WTA 500 турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарысқа қатысушылар тізіміне Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің бесінші нөмірі Елена Рыбакина да бар. Брисбен корттарында әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін чемпионы Арина Соболенко және қатарлы үздік теннисшілер де өнер көрсетеді.

Өткен жылы дәл осы турнирдің финалында Рыбакина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен айқын басымдықпен ұтып, чемпион атанған еді. Биыл ол бұл доданы өткізгендіктен, алдағы жарыста сәтті ойын көрсетсе, рейтингісін нығайтуға мүмкіндік алады.

Брисбен турнирі Елена үшін Аустралия ашық чемпионатына дайындықтың маңызды кезеңі болмақ.

 

 

 

Фото: ҚТФ