Елена Рыбакинаның «Уимблдон-2026» турниріндегі ықтимал қарсыластары анықталды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон-2026» турнирінде екінші нөмірмен тіркеліп, жарыс кестесінің төменгі бөлігінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл дегеніңіз, Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен тек финалда ғана кездесуі мүмкін екенін білдіреді.
Opta суперкомпьютерінің болжамы бойынша, алғашқы айналымнан босатылған қазақстандық теннисші екінші кезеңде турнирге арнайы шақырту алған теннис аңызы Серена Уильямспен кездесуі мүмкін. Егер бұл матч өтсе, турнирдің ең көп талқыланатын ойындарының біріне айналуы ықтимал.
Үшінші айналымда Рыбакинаны бірқатар мықты қарсылас күтіп тұр. Оның ықтимал қарсыластары қатарында Элизе Мертенс, Мэдисон Киз, Анастасия Потапова және Донна Векич болуы мүмкін.
Төртінші айналымда қазақстандық теннисшіге Жасмин Паолини, Наоми Осака, Диана Шнайдер және Ива Йович қарсылас атануы ықтимал.
Ал ширек финалда Рыбакинаға Мирра Андреева, Аманда Анисимова, Коко Гауфф және Элина Свитолина секілді әлемдік деңгейдегі теннисшілердің бірі жолығуы мүмкін.
Жартылай финалда оның ықтимал қарсыластары қатарында Ига Швёнтек пен Джессика Пегула бар.
Ал турнирдің шешуші финалында жанкүйерлер көптен күткен Рыбакина – Соболенко текетіресін көруі ғажап емес. Мұндай жағдайда қазақстандық теннисші чемпиондық атақ үшін әлемнің бірінші ракеткасымен күш сынасады.
Фото: instagram/lenarybakina
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған