Мәзір
Теннис

Елена Рыбакинаның өнеріне US Open чемпионы жоғары баға берді

Сабина Асқарқызы 156 қаралым
Елена Рыбакинаның өнеріне US Open чемпионы жоғары баға берді

US Open турнирінің 2011 жылғы чемпионы, әлемнің бұрынғы төртінші ракеткасы Саманта Стосур қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға қарсы ойнау өзіне әрдайым үлкен қиындық тудырғанын айтты,  хабарлайды malimsports.kz. 

Аустралиялық теннисшінің сөзінше, Рыбакина бабында болған кезде кортта аса қауіпті қарсыласқа айналады. Ол қазақстандық спортшының басты артықшылығы - допты ойынға қосудағы болжап болмайтын стилі екенін ерекше атап өтті.

«Мен өзімді әрдайым допты лақтыруды, ойынға қосуды жақсы оқи аламын деп есептейтінмін. Алайда Еленамен жекелей есепте үш рет ойнадым-ау деймін, әр жолы мүлде абдырап қалдым. Оның подачасын болжай алмадым. Ол бірдей лақтырудан қалаған нүктесіне допты бағыттай алады, сондықтан қай жаққа ұшатынын ешқашан білмейсің. Оны алдын ала сезу өте қиын. Сонымен қатар, егер ол ойынға допты қосатын сәтте жеңіл ұтып, өзін сенімді сезінсе, қабылдауда да еркін ойнай бастайды. Себебі қысым азаяды», – деді Стосур.

Саманта Стосурдың айтуынша, Елена Рыбакинада теннисте қажет барлық қасиет пен соққылар бар.

"Егер ол ойынға толық дайын болса, ол корттағы нағыз күшке айналады", - деп түйіндеді US Open чемпионы.

Фото: Ашық дереккөз 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар