Мәзір
Теннис

Елена Рыбакинаның Цинциннатидегі алғашқы матчының уақыты белгілі болды

Сабина Асқарқызы 38 қаралым
Елена Рыбакинаның Цинциннатидегі алғашқы матчының уақыты белгілі болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі алғашқы матчын америкалық Тейлор Таунсендке қарсы өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Турнирдің 1/32 финалы аясындағы кездесу 16 тамызда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 19:00-ден ерте басталмайды.

Қазіргі таңда WTA рейтингінде екінші орында тұрған Елена Рыбакина мен әлемнің 94-ракеткасы Тейлор Таунсенд осыған дейін бір рет кездескен. 2024 жылы Майами турнирінде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:7 (3), 6:4 есебімен жеңген болатын.

Цинциннатидегі турнирдің алғашқы айналымында Тейлор Таунсенд колумбиялық Камила Осорионы 3:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің қазіргі чемпионы – Польша өкілі Ига Швёнтек. Ол өткен жылғы финалда италиялық Жасмин Паолиниді 7:5, 6:4 есебімен жеңген еді.

 

Фото: instagram/nbotoronto

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар