457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакинаның Берлиндегі турнирдегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Берлинде өтетін WTA 500 санатындағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемдік рейтингте жоғары орында тұрғандықтан, қазақстандық теннисші жарысты бірден екінші айналымнан бастайды. Оның келесі қарсыласы хорватиялық Донна Векич пен филиппиндік Александра Эала арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

Берлиндегі турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі ретінде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко тіркелген.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,2 миллион доллардан асады. Турнир чемпионы 500 рейтингтік ұпай мен қомақты ақшалай сыйақыға ие болады.

Берлиндегі дода Елена Рыбакина үшін сәтсіз нәтижелер сериясын тоқтатуға жақсы мүмкіндік саналады. Бұған дейін ол Лондонда өткен WTA 500 турнирінде ширек финалға дейін жетіп, британдық Кэти Бултерге үш сет қорытындысы бойынша жол берген еді.

 

Фото: ©КТФ/Андрей Ударцев