457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакинаның Australian Open турнирі алдында әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалды

Биылғы алғашқы Үлкен дулыға турнирі Австралияның Мельбурн қаласында басталды.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми сайтында Australian Open алдында бірліктегі және қос жұптық рейтингтерді жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz

Биылғы алғашқы Үлкен дулыға турнирі Австралияның Мельбурн қаласында басталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы әйелдер бірлікте Елена Рыбакина бесінші номермен қатарға енді. Рейтингте де ол дәл сол 5-орынды сақтап қалып отыр. 

Юлия Путинцева қайтадан бірінші жүздікке оралып, 11 сатыға көтеріліп, 94-орынға шықты. Спортшы Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, ойынды бастады.

Әлемдік рейтингте көшбасшылықты белорусиялық Арина Соболенко сақтап тұр. Одан кейінгі үштікке поляк Ига Швентек пен америкалық Коко Гауфф кіреді.

Бірінші ондықта бір өзгеріс болды: ресейлік Мирра Андреева итальяндық Жасмин Паолиниді 7-орыннан ығыстырып шықты. Ал Australian Open қазіргі чемпионкасы америкалық Мэдисон Киз 9-орында тұр.

Қос жұптық рейтингте көшбасшылықты чехиялық Катерина Синякова сақтап отыр. Қазақстаннан Анна Данилина 14-орынға ие болып қалды.

Фото: Getty Images