Елена Рыбакина жеңіс саны бойынша әлемде көш бастап тұр
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің үшінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина өткен жылдың шілде айынан бергі кезеңде жеңіс саны бойынша әлемде көш бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
OptaAce дерегіне сәйкес, қазақстандық теннисші осы уақыт аралығында WTA турнирлерінде 41 матчта жеңіске жеткен. Бұл көрсеткіш бойынша Рыбакина басқа спортшылардан айқын алда тұр.
Бұл тізімде келесі теннисшілердің еншісінде 31 жеңістен бар:
Ига Швентек (Польша)
Джессика Пегула (АҚШ)
Виктория Мбоко (Канада)
Сорана Кырстя (Румыния)
Сонымен қатар, Елена Рыбакина BNP Paribas Open турнирінің екінші айналымында әлемнің 43-ракеткасы Хейли Баптистті 7:6 (7:5), 2:6, 6:2 есебімен жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне шықты.
Қазірдің өзінде қазақстандық теннисші бұл турнирде 61 865 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып, 65 рейтингілік ұпай жинады. Алайда өткен жылғы ұпайын қорғау үшін ол кемінде төртінші айналымға дейін жетуі қажет.
Фото: ҚТФ
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған