457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Ол ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польшаның өкілі Ига Швентекпен кездесті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польшаның өкілі Ига Швентекпен кездесті. Бұған дейін қарсыластар өзара 11 рет ойнап, оның алтауында Швентек жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы матч брейк алмасумен басталды. Алғашқы сетте есеп 6:5 болған сәтте Рыбакина шешуші брейк жасап, партияны 7:5 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші сетте Елена бірден басымдық танытып, 2:0 есебімен алға шықты. Ойын тізгінін толық қолына алған қазақстандық теннисші матчты эйспен түйіндеп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды. Рыбакина 11 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал Швентек 3 эйспен және бір ғана брейкпен (4 мүмкіндіктен) шектелді.

Осылайша, Елена Рыбакина спорттық мансабында екінші рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Финалға шығу үшін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 6-орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасады.

Фото: WTA