457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина жаңа маусымға дайындықты бастады

Рыбакина мен оның командасының жаттығу барысынан түсірілген суреттері X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жарияланды.

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа маусым алдындағы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық теннисші кортқа қайта оралып, Дубай қаласында жаңа маусымға дайындық жұмыстарын бастады. Рыбакина мен оның командасының жаттығу барысынан түсірілген суреттері X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жарияланды.

2026 жылғы маусымда Елена Рыбакинаның алғашқы турнирі - Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 санатындағы жарыс болмақ. Турнир 4-11 қаңтар аралығында өтеді.

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстанның үздік теннисшісі Страсбург пен Нинбода өткен WTA 500 турнирлерінде чемпион атанды. Сонымен қатар, ол Эр-Риядта өткен Итоговый турнирдің финалында жеңіске жетіп, маусымды үздік нәтижемен аяқтады.

Фото: Ашық дереккөзден