457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі орнын сақтап қалды

Соңғы жарыстардың нәтижесі бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингте алтыншы орнын сақтап қалды.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми сайты әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады malimsports.kz

Соңғы жарыстардың нәтижесі бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингте алтыншы орнын сақтап қалды. Оның еншісінде қазіргі уақытта 4 350 ұпай бар.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы осы күндері WTA Финалдық турниріне қатысып жатыр және алғашқы кездесуінде АҚШ өкілі Аманда Анисимованы жеңді.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте екі саты жоғарылап, 73-орынға көтерілді.

Әлемдік рейтингтің көшін Беларусь спортшысы Арина Соболенко бастап тұр. Одан кейінгі орындарды польшалық Ига Швентек пен америкалық Коко Гауфф түйіндейді.

Ал жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина WTA дабл-рейтингінде әлемнің 13-ракеткасы мәртебесін сақтап келеді.

Фото: Getty Images