Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өткен аптадағы турнирлер қорытындысы бойынша жаңартылған рейтингті жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина грунт маусымының басталуындағы аптаны өткізіп алғанына қарамастан, 8108 ұпаймен әлемдік рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды.
Бірінші орында 11025 ұпай жинаған Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Үздік үштікті 7278 ұпаймен америкалық Коко Гауфф түйіндейді.
Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева екі сатыға төмендеп, 74-орынға жайғасты. Ал Зарина Дияс 306-орнында қалды. Жибек Куламбаева бірден 16 орынға көтеріліп, 406-сатыға жетті.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер теннис құрамасы көшбасшылары, Рыбакинаны қоспағанда, қазіргі уақытта Астана қаласында жиналды.
Қазақстандық теннисшілер Кубок Билли Джин Кинг аясында Канада құрамасына қарсы матч өткізеді.
ФОТО: Getty Images
Ең көп оқылған