457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Рыбакина мансабында алғаш рет WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA-2025 қорытынды турнирінде жартылай финалға мерзімінен бұрын шықты.

Серена Уильямс тобы аясында өткен екінші ойында қазақстандық спортшы әлемнің 2-ракеткасы, Польшадан келген Ига Швёнтекті сенсациялық жеңіске жеткізді. Бұл матчта жеңген теннисші жартылай финал жолдамасын иеленетін еді, себебі қос ойыншы да алдыңғы кездесуінде жеңіске жеткен болатын.

Алғашқы сетте поляк спортшысы басымдық танытып, 3:6 есебімен алға шықты. Алайда Рыбакина ойынның бағытын түбегейлі өзгертіп, екінші және үшінші сеттерді 6:1, 6:0 нәтижесімен өз пайдасына шешті.

Матчтың ұзақтығы –1 сағат 39 минут.

Елена 5 эйс орындап, 7 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Швёнтек 2 эйс жасап, бар болғаны бір брейкпен шектелді.

Бұл -  қос теннисшінің 14-ші кездесуінің нәтижесі. Бұған дейін 8:5 есебімен Швёнтек басым болып келген. Елена енді айырмашылықты қысқартып, маңызды психологиялық артықшылыққа ие болды.

Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Елена Рыбакина топтық кезеңдегі соңғы кездесуін 5 қараша күні әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизге қарсы өткізеді.

Айта кетейік:

Турнир 1-8 қараша аралығында өтуде.

Өткен жылдың чемпионы – америкалық Кори Гауфф.

Фото: Андрей Ударцев/КТФ©