457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

Матч 2 сағат 7 минутқа созылды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA 2025 маусымының қорытынды турнирінің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 4:6, 6:4, 6:3.

Осыған дейін қос теннисші бес рет кездескен, олардың үшеуінде Пегула басым түскен болатын. Бұл жолы Елена тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жеңісін соңына дейін ұстап қалды.

Матч 2 сағат 7 минутқа созылды. Рыбакина 15 эйс орындап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Ал қарсыласы 1 эйс жасап, 4 брейкпен шектелді.

 «Пегула матчты жақсы бастады, мен бастапқыда жай қимылдадым. Бірақ екінші сетте өз ырғағымды тауып, ойынды өзгерттім. 15 эйс те көмектесті. Барлық жанкүйерлеріме қолдауы үшін алғыс айтамын», – деді Елена матчтан кейін.

Осылайша, Елена Рыбакина – WTA қорытынды турнирінің финалына шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші атанды.

Финалда ол әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко мен америкалық Аманда Анисимова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, топтық кезеңде Рыбакина үш бірдей жеңіске жеткен еді:

Аманда Анисимованы – 6:3, 6:1;

Ига Швентекті – 3:6, 6:1, 6:0;

Екатерина Александрованы – 6:4, 6:4 есебімен ұтқан.

Бұл жеңістердің арқасында ол Серена Уильямс тобынан бірінші орынмен жартылай финалға шыққан болатын.

ФОТО: Getty Images