457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде көш бастады

Аустралия ашық чемпионатында үздік шыққан Е.Рыбакина 2 443 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келеді. 

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) чемпиондық кестесінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның орны өзгерген жоқ, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, биыл Аустралия ашық чемпионатында үздік шыққан Е.Рыбакина 2 443 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келеді. 

Америкалық Джессика Пегула 1 975 ұпаймен екінші орында болса, Беларусь өкілі Арина Соболенко (1800) үздік үштікті түйіндеп тұр. 

Бүгін жаңартылған WTA жекелей рейтингісінде Е.Рыбакина 7 253 ұпаймен үшінші орында қалды. Рейтингіде 10 675 ұпаймен А.Соболенко алда келе жатса, Польша өкілі Ига Швентек (7 588) екінші сатыда. 

Қазіргі кезде іріктеу сайысы өтіп жатқан Индиан-Уэллс (АҚШ) мастерс турнирінде Е.Рыбакина сәтті өнер көрсетсе, И.Швентекті басып озуы ықтимал. 

Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 77-ден 76-ға жоғарылады.

Жұптық сында Анна Данилина 6-дан 7-ге сырғыса, Жібек Құламбаева — 140, Ю.Путинцева 156-орында тұрақтады.

Ерлер арасында ATP рейтингісінде Александр Бублик 10-орында қалса, Александр Шевченко 92-ден 88-ге, Тимофей Скатов 192-ден 191-ге көтерілді. 

Фото: ҚТФ