Елена Рыбакина WTA-2025 турнирінде үшінші рет жеңіске жетті
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан WTA-2025 қорытынды турнирінде үшінші жеңісін тіркеді. Ол ресейлік Екатерина Александровадан айқын басым түсті.
Осыған дейін америкалық Аманда Анисимова мен Польша өкілі Ига Швентекті ұтқан қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобынан жартылай финалға бірінші орынмен жолдама алған еді.
Елена Рыбакина үшінші бәсекесін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізуі керек еді. Алайда бұған дейін екі ойынында жеңіліс тапқан М.Киз ауырып қалуына байланысты матчтан бас тартты. Оның орнына кортқа әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова шықты.
Айта кетсек, бұл кездесу турнирлік тұрғыдан шешуші рөл атқарған жоқ. Себебі қазақстандық теннисші бұған дейін-ақ плей-офф кезеңіне бірінші орынмен жолдама алған еді.
WTA Finals – 2025 туралы
Өту мерзімі: 1-8 қараша 2025 жыл
Өтетін жері: Эр-Рияд, Сауд Арабиясы
Қазіргі чемпион: америкалық Кори Гауфф
Елена Рыбакина осылайша топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтап, жартылай финалға сенімді түрде шықты.
Енді жартылай финалда Штеффи Граф тобында екінші орын алған теннисшімен шеберлік байқасады.
Фото: VCG via Getty Images
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған