Елена Рыбакина US Open қарсаңында үш ірі турнирге қатысады
Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина тамыз айында WTA турына қайта оралып, АҚШ ашық чемпионаты қарсаңында үш ірі жарысқа қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстанның үздік теннисшісі келесі айда хард төсенішіндегі екі WTA 1000 турнирінде және маусымның соңғы «Үлкен дулыға» додасында бақ сынауды жоспарлап отыр.
2 тамыздан бастап Рыбакина WTA 1000 санатындағы Торонто турнирінде өнер көрсетеді. Одан кейін 13 тамызда басталатын Цинциннатидегі WTA 1000 жарысына қатысады.
Ал 30 тамызда Нью-Йоркте басталатын US Open турнирінде де қазақстандық теннисші кортқа шығуды жоспарлап отыр.
Маусымның соңғы «Үлкен дулыға» турнирінде Қазақстан намысын Елена Рыбакинамен бірге әлемдік рейтингте 79-орында тұрған Юлия Путинцева қорғайды.
Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик, әлемдік рейтингте 84-орында тұрған Александр Шевченко және Тимофей Скатов (163-орын) өнер көрсетеді.
Фото: instagram/lenarybakina
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған