Қазақстан теннис федерациясы Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
22 мен 27-қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Center аренасында қазақстандық теннисшілер әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.
ытайда өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын әлемдік рейтингтің топ-10 өкілдерімен қатар, болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар да қорғайды.
Ұлттық құрама сапында:
Елена Рыбакина (WTA рейтиңінде №2)
Анна Данилина (жұптық санатта №6)
Юлия Путинцева (WTA рейтиңінде №81)
Жібек Құламбаева (WTA жұптық санатта №115)
Соня Жиенбаева (WTA рейтиңінде №735)
Капитан – Юрий Щукин
Қазақстан құрамасы (BJKC рейтиңінде 7-орында) турнирдегі алғашқы матчын Испания құрамасына (BJKC рейтиңінде 4-орында) қарсы өткізеді. Ширек финалдық ойын 23 қыркүйекте сағат 14:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады.
Әрбір текетірес екі жекелей кездесу және бір жұптық ойынды құрайтын үш матчтан тұрады.
Матчтардың толық кестесі
Уақыт Қытайдың стандартты уақытымен (CST) көрсетілген.
22 қыркүйек (сейсенбі)
Чехия - Ұлыбритания (17:00) - бірінші ширек финал
23 қыркүйек (сәрсенбі)
Қазақстан - Испания (17:00) - екінші ширек финал
24 қыркүйек (бейсенбі)
Украина - Бельгия (10:00) - үшінші ширек финал
Қытай - Италия (17:00-ден кейін) — төртінші ширек финал
25 қыркүйек (жұма)
Бірінші жартылай финал (17:00)
Бірінші ширек финалдың жеңімпазы - екінші ширек финалдың жеңімпазына қарсы
26 қыркүйек (сенбі)
Екінші жартылай финал (17:00)
Үшінші ширек финалдың жеңімпазы - төртінші ширек финалдың жеңімпазына қарсы
27 қыркүйек (жексенбі)
Финал (17:00)
Еске салайық, Қазақстан құрамасы биыл сәуір айында өз алаңында Канада құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған еді. Турнирдің соңғы жеңімпазы - Италия құрамасы.