457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Уимблдоннан кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты

Теннисші Instagram парақшасында турнир барысында түсірілген бірнеше суретін бөліскен болатын.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі өнерін аяқтағаннан кейін әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Теннисші Instagram парақшасында турнир барысында түсірілген бірнеше суретін бөлісіп, Уимблдонда жыл сайын өнер көрсету мүмкіндігіне ризашылығын білдірді.

«Осы беделді турнирде жыл сайын ойнау бақыты бұйырғаны үшін алғыс айтамын», - деп жазды Рыбакина.

Жарияланған жазбаға бірнеше сағат ішінде жанкүйерлер қолауына ие болды. Сонымен қатар қазақстандық спортшы бұл жазбадағы пікір қалдыру мүмкіндігін өшіріп қойған.

Еске салайық, Елена Рыбакина биылғы Уимблдон турнирін үшінші айналымда аяқтады. Ол Бельгия өкілі Элизе Мертенске 6:7 (тай-брейк – 4:7), 1:6 есебімен жол берді.

Фото: Getty Images