Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінің үшінші айналымында жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Мертенстің 7:6 (7:4), 6:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 33 минутқа жалғасты.
Ойын барысында Рыбакина екі эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ тоғыз брейк-пойнттың екеуін ғана тиімді пайдаланды.
Осылайша, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина биылғы турнирдегі өнерін үшінші айналымда аяқтады.
Фото: ҚТФ