Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінің алғашқы айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы кезеңде әлемнің 154-ракеткасы, франциялық Лоис Буассонмен кездесті.
Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 49 минутқа созылды.
Матч барысында Елена алты эйс жасап, үш қос қателікке жол берді. Сондай-ақ 10 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Екінші айналымда қазақстандық теннисші румыниялық Елена-Габриэла Русе мен америкалық Кэти Макнелли арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Фото: ҚТФ