457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Торонтодағы турнирге дайындықты бастады

Торонтодағы беделді WTA 1000 турнирі 2-13 тамыз аралығында ашық хард жабындысындағы корттарда өтеді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канададағы Торонто қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге дайындықты бастады, деп хабарлайды malimsports.kz

Теннисші жаттығу барысынан фотосын Instagram парақшасының Stories бөлімінде жариялап, «Сәлем, Торонто!» деген жазба қалдырды. Жарияланған суреттен Рыбакинаның кортқа шығып, алдағы жарысқа қызу дайындалып жатқанын көруге болады.

Торонтодағы беделді WTA 1000 турнирі 2-13 тамыз аралығында ашық хард жабындысындағы корттарда өтеді. Елена Рыбакина жарысқа қатысушылардың ресми тізіміне енгізілген.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Еуропада аз уақыт демалып, «кішкентай үзіліс» жасағанын әлеуметтік желіде бөліскен болатын.

Сондай-ақ жуырда Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Елена Рыбакина жекелей және жұптық сындағы маусымын жалғастырып, Солтүстік Америкадағы маңызды турнирлерге қатысуға дайындалып жатыр. 

Фото: Ашық дереккөзден