457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Торонтода үшінші айналымнан сәтті өтті

Екі сетке созылған матч қазақстандық теннисшінің 6:2, 7:5 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы америкалық Энн Лимен кездесті.

Екі сетке созылған матч қазақстандық теннисшінің 6:2, 7:5 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 28 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена екі эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалға шығу үшін Рыбакина австралиялық Майя Джойнт пен Людмила Самсонова арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

Фото: ҚТФ