Елена Рыбакина Торонто WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында Ига Швёнтекке есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина шешуші кездесуде рейтингтің жетінші сатысындағы польшалық теннисшімен кездесті. Матч 1 сағат 16 минутқа созылып, Швёнтек 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу барысында қазақстандық теннисші бір эйс жасап, төрт рет қос қателік жіберді.
Осылайша, Рыбакина Торонто турнирінде алғаш рет финалға шығып, жарысты күміс жүлдемен аяқтады. Бұған дейін оның бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі ширек финал болатын.
Финалға дейін жеткені үшін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингке қосымша ұпай жинады.
Елена Рыбакинаның келесі жарысы АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 турнирі болмақ.
Фото: ҚТФ
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған