Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы жапониялық Наоми Осакамен кездесті.
Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 14 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Коко Гауффпен кездеседі.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған