Мәзір
Теннис

Елена Рыбакина Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Сабина Асқарқызы 36 қаралым
Елена Рыбакина Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші 1/8 финалда WTA рейтингінің 55-сатысындағы ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 55 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 11 эйс жасап, алты қос қателікке жол берді және 17 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалда қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандес (WTA рейтингінде 34-орын) пен жапониялық Наоми Осака (13 WTA) арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар