457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Торонто турнирінде қанша табыс тапты?

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирді финалмен аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Шешуші кездесуде әлемнің екінші ракеткасы польшалық Ига Швёнтекке 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді.

Турнирдің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина 560 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде алды. Осылайша қазақстандық теннисшінің мансабындағы турнирлік жүлде қоры 29,7 миллион долларға жуықтады.

Ал турнир чемпионы атанған Ига Швёнтек 1,1 миллион доллар сыйақыға ие болды. Оның мансабындағы жалпы жүлде қоры 47 миллион долларға жуықтады.

Бұл көрсеткіш бойынша польшалық теннисші WTA тарихында үшінші орында. Ал көш басында америкалық Серена Уильямс 95 миллион доллармен, екінші орында белоруссиялық Арина Соболенко 50 миллион доллармен тұр.

 

Фото: ҚТФ

Ең көп оқылған