Елена Рыбакина Токио турнирінің жартылай финалында ойнаудан бас тартты
Рыбакина денсаулығына байланысты Токио турнирінің жартылай финалында ойнаудан бас тартты, деп жазады malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің финалынан тыс қалды.
WTA ресми сайтынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші денсаулығына байланысты жартылай финалда әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен ойнаудан бас тартты.
Өте өкінішті, мен бүгін ойнай алмаймын. Осы аптада арқамда мәселелер болды, сондықтан 100 пайыз өнер көрсете алмаймын. Бүгін мені жанкүйерлерім көре алмайтынына қапалымын. Бірақ келесі жылы мені көреді деп үміттенемін, - деді Рыбакина.
Осылайша, Л.Носкова ойнамастан финалға өтті. Ол соңғы бәсекеде әлемнің 13-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингіде 25-орындағы америкалық София Кениннің қай жеңгенімен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Е.Рыбакина Токио жарысының жартылай финалына шыққаннан кейін 1-8 қарашада Эр-Риядта өтетін WTA қорытынды турниріне жолдама алған болатын.
Фото: ҚР теннис федерациясы
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған