Мәзір
Теннис

Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Сабина Асқарқызы 89 қаралым
Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жартылай финалда қазақстандық теннисші украиналық Элина Свитолинадан басым түсті.

Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.

Финалда Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.

Алдыда басты кездесу. Бас жүлде үшін Елена тағы да өзінің негізгі қарсыласы – Арина Соболенкомен (№1 WTA) кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, олардың соңғы рет Australian Open финалындағы кездесуінде Елена жеңіске жетіп, чемпион атанған болатын.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар