457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

WTA спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі жеңісінен кейін WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

WTA спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұған дейін бесінші орында тұрған Елена Рыбакина бірден екі сатыға көтерілді. Рейтингтің бірінші орнында бұрынғыдай беларусьтік теннисші Арина Соболенко тұр. Айта кетейік, ол Australian Open финалында Рыбакинаға жол берген болатын. Екінші орынға польшалық спортшы Ига Швёнтек жайғасты.

Бұл - Елена Рыбакина үшін әлемдік рейтингтегі ең үздік нәтиже. Дегенмен, ол бұған дейін де 2023 жылы үшінші орынға көтерілген еді. Еске салсақ, Мельбурнда өткен Үлкен дулыға турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сыны Елена Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Ол Australian Open турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Фото: Ашық дереккөзден