Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партия ресейлік спортшының пайдасына шешілді – 6:3. Екінші сетте Рыбакина бет қаратпай жеңді – 6:0. Содан кейін үшінші сетте матчты брейкпен бітірді – 6:2.
Осылайша, Рыбакина биыл екінші титулына қол жеткізді. Жалпы Еленаның қоржынында 10 WTA титулы бар. Бұдан бұрын ол Страсбург (Франция) WTA 500 жарысында үздік шыққан еді.