Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қатарда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисші қазіргі Олимпиада чемпионы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесті. Матч тартысты өтті.
Алғашқы сетте Рыбакина 4:6 есебімен есе жіберді. Алайда кейін ойын тізгінін өз қолына алып, екінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Шешуші сетте есеп ұзақ уақыт тең жүріп, ойынның тағдыры соңғы геймдерде шешілді. Салқынқандылық танытқан Елена 7:5 есебімен жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Рыбакина беделді турнирдің ширек финалына шықты. Енді ол жартылай финал жолдамасы үшін канадалық Виктория Мбокомен кортқа шығады.
Фото: ҚТФ