Мәзір
Теннис

Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 турнирінде өнер көрсетеді

Сабина Асқарқызы 50 қаралым
Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Дәстүрлі жарыс биыл 2-13 тамыз күндері ұйымдастырылады. Турнирге әлемдік рейтингтің көшбасшы теннисшілерімен бірге қазақстандық спортшы да өтінім берді.

Рыбакина өткен жылы да Монреальдағы жарысқа қатысып, 1/8 финалға дейін жеткен еді. Алайда ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Украина өкілі Даяна Ястремскаяға үш сет қорытындысы бойынша жол берді.

Еске салайық, Елена Рыбакина жақында аяқталған «Уимблдон-2026» турнирінде үшінші айналымға дейін жетіп, осы кезеңде бельгиялық Элизе Мертенстен жеңіліп қалған болатын.

 

Фото: instagram/lenarybakina

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар